«ҮЗДІК САБАҚ», ЖӘНЕ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ» АТТЫ БАЙҚАУ

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ү.ж. 10-25 қараша аралығында Астана қаласының Білім беру ұйымдарының мұғалімдері арасында Тұңғыш президент және Тәуелсіздік күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» атты байқауын өткізеді.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
• Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
• Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
• Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
• Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету;
• Жаңа педагогикалық ойдың құралымы.
Байқаудың тақырыбтары:
1. Тәуелсіз мемлекет атануымыздағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
2. Атомды полигонның жабылуындағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
3. Қазақстанымыздың патриоттарын тәрбиелеудегі Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
4. ҚР Конституциясында кепілі болуындағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
5. Ұлтаралық ынтымақтастықтағы Тұңғыш Президенттің рөлі;
6. Астананың астана болуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі;
7. Қазақстан халқының ассамблеясының төрағасында Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
8. Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі;
9. Президент жеке тұлға;
10. Тәуелсіздіктің 23 жылдығы;
11. Тәуелсіз елімнің ерлік жолы;
13. Тәуелсіздік тірегім, елңм деп соққан жүрегім;
14. Тәуелсіздік тұғыры – тіл;
15. Туған жерім – Атамекен;
16. Елордасы – Астана;
Байқаудың өтілу тәртібі мен ережесі:
– Конкурсқа ғылыми жобалары мен баяндамаларын ұсынуға болады.
– Зерттеу жұмыстары төменде көрсетілген түрде тапсыруға болады:
– педагогикалық зерттеу,
– оқу – зерттеу жобасы,
– оқулық,
– әдістемелік құрал,
– электрондық оқулық,
– компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.
Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне а.ж. қарашаға дейін электронды және қағаз жүзінде төменде көрсетілген ақпараттарды ұсыну керек:
– Байқауға қатысу үшін өтініш,
– қазақ және орыс тілінде өңделген аңдатпа (аннотация),
– Байқау жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.
Байқауға ұсынылған жобалар мен зерттеулерге қойылатын талаптар:
1) жұмыс көлемі 10 баспа бетінен кем емес және 20 баспа бетінен аспауы керек;
2) парақ пішімі А4, шрифт – 14;
3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.
Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.
4) жоба келесідей мазмұнды элементтер құрылымын қамтуы тиіс:
– титул парағы,
– түсіндірмелі хаттама,
– жобаны тәжірибеге енгізу жоспары,
– жобаның мазмұны,
– әдістемелік қамту (аудио және визуалды),
– қолданылған әдебиеттер тізімі.
10. Регламент – 7-10 минут.
Байқау 3 бөлімнен тұрады:
1. БӨЛІМ Портфолио тапсыру;
2. БӨЛІМ Мұғалімнің визит карточкасы (3-5 минуттен астам болмау керек) қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашады.
3. БӨЛІМ «Мені таңқалдыршы» номинацияның тақырыбы мен материалына сәйкес, жұмыстың жүйесін және концептуалды идеясын, педагогикалық концепциясын қорғау.
Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен байқаудың жеңімпаздарына номинацияларға ие болады.
Конкурстың қатысушыларына түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.
1. Байқау 2014 жылдың 01 мен 25 қараша аралығында өтеді.
2. Байқауға өтініш 01 мен 10 қараша аралығында қабылданады.
3. Сабақтың өтілу уақыты 10 мен 25 қараша аралығында.
4. Байқауға өтініш 01 мен 10 қараша аралығында қабылданады, мәлімдемені төмендегідей мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: тел.: 240-497, 245-272 электрондық мекен-жайымыз
5. Конкурсқа қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.
Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.
Байқаудын қорытындысын талдай отырып, негізгі маңызды уәждеме – әр мұғалімнің жинаған кәсіби біліктілігі мен тәжірибесін қоғамда қолдану және ұсыну болып табылады.
– байқауға мұғалім өзі ұсыныс білдіру тиіс;
– Сабақ ұзақтығы 1 сағаттан кем 1,5 сағаттан ұзақ болмауы тиіс;
– оқушылар саны 20-25 тен аспауы тиіс (1 сынып);
– Мемлекеттік рәміздерді мүмкіндігінше қолдану;
– Мүмкіндігінше сабақтың мағынасы мен мәнін аша білу;
– Оқушылар жаңа инновациялық жобалар мен методикалар және жаңа макеттерді демонстрациялауыға болады;
(Мыс: сувенир, журнал, глобус, карта түрінде)
6. Кешеннің функциясы:
– Байқауға қатысқандар грамотаға ие болады;
I орын жеңімпазына 100000 (жүз мың теңге)
II орын жеңімпазына 70000 (жетпіс мың теңге)
III орын жеңімпазы 50000 (елу мың теңге)
– Ақшалай ұтқан сыйақы мұғалімдердің өздеріне тиесілі;
– Қалған қатысқан мектептерде сыйлықтарға және алғыс хаттарға ие болады;
Қазылар алқасы:
Қазылар алқасының құрамы Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі.
Қазылар алқасы жобаның бағалау критерийін бекітеді.
Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Конкурстің жеңімпаздарын анықтап және марапаттайды.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау:
Конкурсқа қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылады.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.
Конкурстің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.
Байқауды ұйымдастыру комитеті:
Конкурстің ұйымдастырушысы Астана қаласының Мәдениет Басқармасының «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені және Астана қаласының Білім басқармасы болып табылады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *