«ҮЗДІК ПЕДАГОГ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК САБАҚ» БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2014 жылдың 10-25 қараша күндері аралығында «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» Астана қаласының білім басқармасымен бірлесе отырып ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Үздік сабақ» және «Үздік педагог» байқауын өткізді. «Үздік педагог» байқауы бойынша 9 мұғалім өтініш білдірсе, «Үздік сабақ» байқауы бойынша 57 мұғалім сұраныс беріп сабақ өткізді. Қазылар алқасына (Астана қаласының білім басқармасынан – әдіскер – Амиргалиева Д.К., АдинаеваК.К., Астана қаласының мұғалімдерді жетілдіру институты – аға оқытушы Дюсебаева М.Ж.) «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені» экскурсия бөлімінің жетекшісі Оразымбетова Б.К., директорының ғылыми әдістеме жөніндегі орынбасары Жұмабаев Б.Е. төрелік етті. Байқауға қатысу туралы өтініштер жиынын тіркеу 10 қарашаға дейін жүзеге асты. Сабақ өткізілуіне аудитория, интерактивті тақта, мультимедиялы ойнатқыш қолданысқа берілді. Қазақ тілінде 54 сабақ, орыс тілінде 5 өткізілді. Жалпы байқауға қатысқан мұғалімдер саны 85.
28.11.2014 жылы, «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалды кешенінің конференц-залында эксперттердің қатысуымен конкурсымыздың үздік мұғалімдердің кәсіби деңгейі бағаланды.
Конкурсқа қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылды, номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталып алғыс хаттар берілді.
Конкурстың «Үздік педагог» байқауы бойынша жеңімпаздары Бимендин Булат №58 мектеп, Шахатова Рабиға №51 мектеп 1 орынға ие болса (50 000тг), №3 мектеп-гимназия мұғалімі Соқпақбаева Замзагүл, Шаханбаева Кенжегүл №10 мектеп 2 орынды иеленіп ақшалай сыйлыққа ие болды. 3 орынға №51, №20 мектеп мұғалімдері иеленді.
«Үздік сабақ» номинациясы бойынша №54 мектеп-лицей мұғалімі Жанева Нұргүл Надірәліқызы, Кулмагамбетова Алмагүл (№59 мектеп-лицей) 1 орын алса, 2 орынға №74, №23 мектеп мұғалімдері, 3 орынға №72 және «НұрОрда» халықаралық мектебінің мұғалімдері ақшалай сыйлыққа ие болды.
Конкурсты қорытындылай келе, көпшілік қауым ризашылығын білдіріп, жеңімпаз ұстаздар осы байқаудың жоғары деңгейде өткенің және байқауды ұйымдастырған «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің қызметкерлеріне алғыстарын білдіріп, осындай байқауды жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп тұру керек екендігін атап өтті.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *