ҰЛТТЫҚ ЖОБАДАҒЫ МҰРАЖАЙДЫҢ РӨЛІ

2015 жылдың 16-18 наурыз аралығында Астана қаласы МКҚК «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені және Қазақстан халықаралық мұражайлар одағы ИКОМ бірлесе «Ұлттық жобадағы мұражайдың рөлі» атты шеберлік сыныбы бойынша семинар өткізледі.
Аталмыш шеберлік сыныпты ҚР еңбегі сіңген қайраткері, мәдениет және туризм саласының мәртебелі қызметкері, ғылыми-әдістемелік экскурсия жүргізу орталығының басшысы, ҚР ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссия мүшесі, Оразымбетова Бақытхан Қамалқызы, Л. Гумилев атындағы Еуразиялық Ұлттық университетінің тарих ғылымдарының доктор, профессоры Артықбаев Жамбыл Омарұлы, Коммуникативті компентенция тренері, профессионалды медиатор Сариева Жанель Таумұратқызы жүргізеді.
Семинардың мақсаты – мұражай және ғылыми қызметкерлердің біліктілігін арттыру мақсатындағы Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі мемлекет мәртебесін асырып, тарих қойнауына апаратын жылдардың бірі. Зерттеу жұмыстарына арнайы бағытты көрсетуде әлеуметтік-мәдени қызметкерлерді дамыту мақсатында экскурсия жүргізушілерді мен келушілерге мұражайдың әсер етеуі мен субъектілік қарым-қатынасын нығайту, мұражай аудиториясына үйрету, мұражай педагогикасының әдістеріндегі білімділік пен тәрбиелік мүмкіндіктерді жүзеге асыру болып отыр.
Шеберлік сабағы 24 академиялық сағатқа созылып, үш күн ішінде жоғары білікті мамандардың жүргізуімен және арнай жоғары деңгейдегі серификаттар беріледі.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *