СӘЛЕМ СӨЗ

Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар!

Қазіргі заман мәдениетке заманауи көзқарасты талап етеді. Мәдениет дегеніміз рухани құндылықтардың дәстүрлі қағидасы емес, ол бүгінгі таңдағы тірі шынайылықтың алуан түролілігі, мұның өзі соңғы екі жыл ішінде күнделікті тәжірибелік қызметімен «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық ешені көрсетіп келеді.

Біздің еліміздің Президенті – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кешен ұйымдастыруына көп күш жұмсады. Ол кісінің бастамасымен мәдени ғимарат ретінде «Атамекен» Қазақстан Картасы» салынып, ол өз алдына бірегей, ТМД елдерінде оған ұқсас объект жоқ.

Өзінің пайда болған сәтінен-ақ, Карта бүкіл астаналықтардың сүйікті жері ғана емес, Астана қонақтарының да көңлінен шықты. Жыл сайын облыстар экспозицияларыжаңа макеттерімен және өңірлердегі көрікті жерлері жөніндегі жаңа ақпараттарымен толықтырылады. Астана қонақтары ақпараттық-ағартушылық бағыт бойынша үлкен үлес қосады, облыс өкілдері Картаның жаңа бейнесінің қалыптасуына барынша көмектесіп, ақпаратпен қамтамасыз етеді.

Карта қызметінің басты басымдылықтары: тарихи-мәдени мұраның сақталуы, ұлттық мәдениет пен Қазақстанда тұратын халықтардың, түрлі этностар мәдениетінің сақталуы мен дамуы; Қазақстанның ең үздік жетістіктері мен мен мәдени-рухани дамуын алға тартатын білім беруге арналған акциялар; халықаралық мәдени ынтымақтастыққа қолғабыс ету.

Этно-мемориалдық кешен территориясында ортағасырлық сәулет өнерінің белгілі ескерткіштерімен ежелгі тарих пен мәдениет өңірі бейнеленген (Айша бибі кесенесі, Қарахан кесенесі, Бабаджа-Хатун, Қожа Ахмет Яссауидің Түркістандағы кесенесі, Жошы хан мавзолейі, Алаша хан, Домбаул).

Карта Қазақстанның ежелгі тайпаларының жоғары мәдениеті мен игеру қарқынынбелгілейтін екі факторды бейнелейді – бұл, біріншіден, еліміздегі кең жайылым жерлер, және, көптеген кен және пайдалы қазбалар орындары. Біздің республикамыз табиғи ресурстар бойынша әлемдегі ең бай елдердің бірі: мұнай мен газ қоры бойынша біз бірінші ондыққа кіреміз, бидай өнімінің экспорты бойынша және пайдалы қазбалар қоры бойынша алдыңғы қатарда, және т.с.

Қазақстан мемлекеттілігінің нығаю міндеті көп жағынан қоғамның және барлық этностардың жалпы нормалар мен құндылықтар айналасында рухани, мәдени шоғырлануымен байланысты. «Атамекен» Қазақстан Картасының» Қазақстан халықтарының мәжени-тарихи мұрасының сақталуы мен байытылуына үлкен үлес қосып жатқанына үміттенеміз.

Ізгі құрметпен, «Атамекен» Қазақстан Картасы» ЭМК директоры Алтыбаева А.Қ.