«ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ӘЗ-НАУРЫЗ» БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2016 жыл наурыз айының 21-і күні сағат 11:00-16:00 аралығында Астана қаласы Есіл ауданындағы «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің алаңында «ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – ӘЗ-НАУРЫЗ» атты мерекелік іс-шара өтеді.
Мәдени іс-шараның мақсаты – Ұлыстың Ұлы күні мейрамын ұлықтауды, ұлттық салт-дәстүрлеріміздің озық үлгілерін халыққа насихаттауды және қала тұрғындарына мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлауды көздейді.
Аталмыш шараға қаламыздың зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, өнер саңлақтары, шетелдік құрметті қонақтар, кейбір елдің дипломат-елшілері қатысады деп күтіліп отыр.
Мерекелік іс-шара аясында бірқатар арнайы байқаулар өткізіліп, жеңімпаздар марапатталмақ. Атап айтқанда:
– «Ең дәмді Наурыз-көже»
– «Ең дәмді бал қымыз бен шұбат»
– «Ең тәтті бауырсақ»
– «Ақ тілек, Наурыз бата»
– «Ұлттық би»
– «Дәстүрлі ән» байқауы-байқаулары өтеді
Құрметті БАҚ өкілдері мен қала тұрғындары, Сіздерді Астана қаласы Қорғалжын тасжолы 2/1 («Салтанат» сарайы мен «Думан» қонақ үйінің ортасында) мекенжайда күтеміз!

Баспасөз қызметі

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *