СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ МИНИСТРЛІГІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҰЛТТЫҚ БЮРОСЫ

Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросында Call-орталығы жұмыс істейді. Call-орталықтың негізгі міндеті азаматтарға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша тегін консультациялық қолдау көрсету және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы телефон хабарламаларын қабылдау болып табылады.

Call-орталыққа қоңырау шалу «1424» нөмірі арқылы (қоңырау шалу тегін) республика бойынша қалалық телефондардан және барлық ұялы байланыс операторларынан жүзеге асырылады.