«Үздік сабақ» және «Үздік педагог»

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ү.ж. 01 қараша мен 05 желтоқсан аралығында Астана қаласының білім беру ұйымдарының  мұғалімдері арасында Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» атты байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
  • Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
  • Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
  • Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету;
  • Жаңа педагогикалық ойдың құралымы.

Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, Сізден Астана қаласының білім ошақтарының мұғалімдері аталмыш байқауға қатысуын сұраймыз және өзіңіз басқарып отырған мекемеден әділ-қазылар алқасына 1 маман-әдіскерді жіберуінізді сұраймыз.

Байқаудың тақырыбтары қосымша бетте көрсетілген.

Жауапты: «Атамекен» Қазақстан картасы, Мұражай педагогикасы бөлімі, 24-04-97.

 

Байқаудың тақырыбтары:

  1. Тәуелсіз мемлекет атануымыздағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  2. Атомды полигонның жабылуындағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  3. Қазақстанымыздың патриоттарын тәрбиелеудегі Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  4. ҚР онституциясында кепілі болуындағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  5. Ұлтаралық ынтымақтастықтағы Тұңғыш Президенттің рөлі;
  6. Астананың астана болуындағы Тұңғыш Президенттің рөлі;
  7. Қазақстан халқының ассамблеясының төрағасында Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  8. Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі;
  9. Президент жеке тұлға;
  10. Тәуелсіздіктің 25 жылдығы;
  11. Тәуелсіз елімнің ерлік жолы;
  12. Тәуелсіздік тұғыры – тіл;
  13. Туған жерім – Атамекен;
  14. Астана қаласының көшкен күніне байланысты «Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі – Астана».

 

Байқаудың өтілу тәртібі мен ережесі:

– Конкурсқа ғылыми жобалары мен баяндамаларын ұсынуға болады.

– Зерттеу жұмыстары төменде көрсетілген түрде тапсыруға болады

– педагогикалық зерттеу,

– оқу – зерттеу жобасы,

– оқулық,

– әдістемелік құрал,

– электрондық оқулық,

– компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.

 

Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне а.ж. 15 қарашаға дейін электронды және қағаз жүзінде  төменде көрсетілген ақпараттарды ұсыну керек:

– Байқауға қатысу үшін өтініш ,

– қазақ және орыс тілінде өңделген аңдатпа (аннотация),

– Байқау жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.

Байқауға ұсынылған жобалар мен зерттеулерге қойылатын  талаптар:

1) жұмыс көлемі 10 баспа бетінен кем емес және 20 баспа бетінен аспауы керек;

2) парақ пішімі – А4, шрифт – 14;

3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.

Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.

4) жоба келесідей мазмұнды элементтер құрылымын қамтуы тиіс:

– титул парағы,

– жобаны тәжірибеге енгізу жоспары,

– жобаның мазмұны,

– қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

«Үздік педагог» байқау 3 бөлімнен тұрады:

  1. БӨЛІМ Портфолио тапсыру;
  2. БӨЛІМ Мұғалімнің визит карточкасы (3-5 минуттен астам болмау керек) қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашады.

3.БӨЛІМ «Мені таңқалдыршы» номинацияның тақырыбы мен материалына сәйкес, жұмыстың жүйесін және концептуалды идеясын, педагогикалық  концепциясын қорғау.

 

«Үздік сабақ» байқауы төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:

– байқауға мұғалім өзі ұсыныс білдіру тиіс;

– Сабақ ұзақтығы 30-45 минуттан ұзақ болмауы тиіс;

– оқушылар санына шектеу қойылмайды;

– Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды мүмкіндігінше қолдану;

– Мүмкіндігінше сабақтың мағынасы мен мәнін аша білу;

– Оқушылар жаңа инновациялық жобалар мен методикалар және  жаңа макеттерді демонстрациялауыға болады;

 

(Мыс: сувенир, журнал, глобус, карта т.б түрінде)

 

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен  байқаудың  жеңімпаздарына номинацияларға ие болады.

Конкурстың қатысушыларына түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.

 

  1. Байқау 2016 жылдың 01 қараша мен 05 желтоқсан аралығында өтеді.
  2. Байқауға өтініш 01 мен 15 қараша аралығында қабылданады.
  3. Сабақтың өтілу уақыты 10 мен 30 қараша аралығында.

 

Байқаудың өтілу орны: Астана қаласы мектептерінде, байқауға өтініш берген мұғалімдердің өз мектептерінде өткізіледі. (Ұйымдастырушылар мен әділғазылар өздері барады).

мәлімдемені төмендегідей мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: телефон: 24-04-97, факс 24-53-77, Азамат – 87025876338; Индира – 87021300758; электрондық мекен-жайымыз atameken2011@mail.ru.

 

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі.

Қазылар алқасы жобаның бағалау критерийін бекітеді.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Конкурстің жеңімпаздарын анықтап және марапаттайды.

 

Байқау  жеңімпаздарын марапаттау:

Конкурсқа қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.

Конкурстің жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.

 

 

Байқауды ұйымдастыру комитеті:

Конкурстің ұйымдастырушысы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені және Астана қаласының Білім басқармасы болып табылады.

Толық аты-жөні

(құжат бойынша)

Жұмыс орны Қызметі, пәні, тел нөмірі Өтілімі, санаты Жобаның атауы
         
         

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *