Алғыс айту – адамдық қасиет

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде 1-Наурыз алғыс айту күніне орай «Алғыс айту-адамдық қасиет» атты мерекелік жиын өткізілді. Мақсаты: Елбасының басшылығымен Тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрметін арттыру. Бас қосуда алғашқы болып сөз алған «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Алтыбаева Алма Қуандыққызы , кешен қызметкерлерін көктемнің алғашқы күніндегі айтулы мерекемен құттықтап, «Атамекен» кешенінің ұжымына өз ризашылығын білдіріп, қызмет жасаудағы, қоғамдық іс-шараларға белсене атсалысудағы еңбектеріне алғысын білдірді. Сонымен қоса 27 ақпанда Мәдениет басқармасы ұйымдастырған спартакияға белсене қатысқан команда мүшелеріне өз тарапынан алқау айтып, спорттық киім үлгілерін сыйға тартты. Жиналыс соңы мерекелік дастарханға ұласты. Атамекендіктер бір-бірлерін мрекемен құттықтасып, өзара ақ тілектері мен алғыстарын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *