«АТАМЕКЕНДЕ» АТАЛҒАН АНАЛАР МЕРЕКЕСІ

«Атамекен Қазақстан картасы» кешенінің ұжымы дәстүрлі 8 наурыз әйелдер мерекесін атап өтті. «Қыз – өмірдің қызғалдағы» атты мерекелік-музыкалық кештің аясында ұжымдағы қыз-келіншектерді әріптес жігіттері конференц залдың кіре берісінен гүл шоқтарымен қарсы алып салтанатты түрде төрге оздырды.

Жүргізуші Азамат Мәлжанбай:

«Үзілмес бұл өмірде үміттер бар,

Арулар жігіт назын күліп тыңдар.

Мерекесін құттықтап аналарды,

Бізде де ән жолдайты жігіттер бар» – деп ашып, барлығы хормен  «Анаға сәлем» әнін орындады.

Арнайы дайындалған слайд арқылы экранда көрсетілген бейнесюжеттер мен фото коллаждар арқылы ұжым басшысы Алтыбаева Алма Қуандыққызынан бастап барлық қыз-келіншектерді жеке-жеке құттықтап оларға ән-күй арнады, музыкалық сәлем жолданды.

Оларға әр номинатция бойынша сыйлықтар табысталды. Суретші Болатбек салған достық әзіл суреттер мен онда жазылған мәтіндер оқылды. Мәтін мазмұны әр әріптестің еңбектегі жетістігін, мінез-құлқындағы игі қасиеттерін паш еткен жағымды пікір сипатында көрініс тапты.

Жігіттер ән айтып орындауда да бар өнерлерін салды. Молдабаев Ғазиздің және Шамахайұлы Қуандықтың орындауындағы әндер мен күйлер оларды ыстық ықыласқа бөледі. Сондай-ақ, журналист Әнуар Құтбанбеков Роберт Рождественскийдің «Әйел монологі» атты поэмасын оқыды.

Өз кезегінде қыздар қауымы жігіттерге зор алғыстарын білдірді, көресеткен құрметтеріне қуанышты екендіктерін айтты.

Аталмыш мереке ұжымның бірлігі мен ынтымағын, бір-бірлеріне деген сыйластықтарын тағы бір мәрте айғақтады. Ұжымда бірлік пен сыйластық болса, алынбайтын қамал, аспайтын асудың болмайтыны аян. Мерекені атап өту барысында осы игі үрдіс анық аңғарылып тұрды.

Осылайша, мерекені лайықты атап өткен ұжым алдағы Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін қарсы алуға қызу дайындық үстінде.

 

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *