«ҮЗДІК САБАҚ» ЖӘНЕ «ҮЗДІК ПЕДАГОГ»

Астана қаласының

Білім  басқармасының

басшысы А.Қ. Жангозинге

 

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені ү.ж. 20 қазан мен 10 желтоқсан аралығында Астана қаласының білім беру ұйымдарының   арасында Елбасы  Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» (« Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»), «Туған жер» жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып, Тұңғыш президент күні мен Тәуелсіздік күніне  арналған «Киелі Атамекенім» атты «Үздік сабақ», «Үздік педагог» атты байқауын өткізеді.

Байқаудың мақсаты мен міндеттері:

  • Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
  • Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
  • Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
  • Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету;
  • Ел руханиятының жаңғыруына үлес қосу.

Іс-шараның маңыздылығын ескере отырып, Сізден Астана қаласының білім ошақтарының мұғалімдері аталмыш байқауға қатысуын сұраймыз және өзіңіз басқарып отырған мекемеден әділ-қазылар алқасына 2 маман-әдіскерді жіберуінізді сұраймыз.

Байқаудың тақырыптары қосымша бетте көрсетілген.

Жауапты: «Атамекен» Қазақстан картасы, Мұражай педагогикасы бөлімі, 24-04-97.

 

Байқаудың тақырыптары:

  1. Тәуелсіз мемлекет атануымыздағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  2. Астана қаласының қалыптасуындағы Елбасымыздың рөлі ;
  3. Қазақстанымыздың патриоттарын тәрбиелеудегі Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  4. ҚР конституциясында кепілі болуындағы Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  5. Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары;
  6. Киелі Атамекенім ;
  7. Қазақстан халқының ассамблеясының төрағасында Тұңғыш Президентіміздің рөлі;
  8. Дінаралық қатынаста Тұңғыш Президенттің рөлі;
  9. Президент жеке тұлға;
  10. Тәуелсіз елімнің ерлік жолы;
  11. Тәуелсіздік тұғыры – тіл;
  12. Ұлы даланың – Ұлы жәдігерлері;
  13. Астана қаласының 20 жылдығы «Тәуелсіздігіміздің тірегі, еліміздің жүрегі – Астана».
  14. Желтоқсан – Тәуелсіздіктің жаршысы;
  15. Еркіндігім, қасиетім, қастерлім;
  16. Мәңгілік ел; бір ел – бір тағдыр;
  17. Латын әліпбиі; Жаңғыру – жазудан басталады;

 

 

Байқаудың өтілу тәртібі мен ережесі:

– Конкурсқа ғылыми жобалары мен баяндамаларын ұсынуға болады.

– Зерттеу жұмыстары төменде көрсетілген түрде тапсыруға болады

– педагогикалық зерттеу,

– оқу – зерттеу жобасы,

– оқулық,

– әдістемелік құрал,

– электрондық оқулық,

– компьютерлік оқыту бағдарламалары және т.б.

Конкурсқа 2016 жылдың  Бас жүлде, I, II, орын иегерлеріне қатысуға   тиым салынады.

 

Байқауға қатысу үшін ұйымдастыру комитетіне а.ж. 20 қазан мен 15 қараша аралығына дейін электронды және қағаз жүзінде  төменде көрсетілген ақпараттарды ұсыну керек:

– Байқауға қатысу үшін өтініш ,

– қазақ және орыс тілінде өңделген аңдатпа (аннотация),

– Байқау жеңімпаздарының жинақтамасына енгізу үшін жобалардың тезистері.

Байқауға ұсынылған жобалар мен зерттеулерге қойылатын  талаптар:

1) жұмыс көлемі 10 баспа бетінен кем емес және 20 баспа бетінен аспауы керек;

2) парақ пішімі – А4, шрифт – 14;

3) титул парағында автордың толық аты-жөні, жобаның атауы, пәні, қызметі, оқу ұйымының атауы, мекенжайы мен телефоны көрсетілуі тиіс.

Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды және пікір жазылмайды.

4) жоба келесідей мазмұнды элементтер құрылымын қамтуы тиіс:

– титул парағы,

– жобаны тәжірибеге енгізу жоспары,

– жобаның мазмұны,

– қолданылған әдебиеттер тізімі.

 

«Үздік педагог» байқау 3 бөлімнен тұрады:

  1. БӨЛІМ Портфолио тапсыру;
  2. БӨЛІМ Мұғалімнің визит карточкасы (3-5 минуттен астам болмау керек) қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін ашады.

3.БӨЛІМ «Мені таң қалдыршы» номинацияның тақырыбы мен материалына сәйкес, жұмыстың жүйесін және концептуалды идеясын, педагогикалық  концепциясын қорғау.

 

«Үздік сабақ» байқауы төмендегі талаптар бойынша өткізіледі:

– байқауға мұғалім өзі ұсыныс білдіруі  тиіс;

– Сабақ ұзақтығы 30-45 минуттан ұзақ болмауы тиіс;

– оқушылар санына шектеу қойылмайды;

– Мемлекеттік рәміздер мен ұлттық құндылықтарды мүмкіндігінше қолдану;

– Мүмкіндігінше сабақтың мағынасы мен мәнін аша білу;

– Оқушыларға жаңа инновациялық жобалар мен методикалар және  жаңа макеттерді демонстрациялауға болады;

 

(Мыс: сувенир, журнал, глобус, карта т.б түрінде)

 

Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен  байқаудың  жеңімпаздары номинацияларға ие болады.

Конкурстың қатысушыларына түрлі әдіс-тәсілдер қолданылды.

 

  1. Байқау 2017 жылдың 20 қазан мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
  2. Байқауға өтініш 20 қазан мен 15 қараша аралығында қабылданады.
  3. Сабақтың өтілу уақыты 15 қараша мен 10 желтоқсан аралығында.

 

Байқаудың өтетін орны: Астана қаласы мектептерінде, байқауға өтініш берген мұғалімдердің өз мектептерінде өткізіледі. (Ұйымдастырушылар мен әділқазылар өздері барады).

мәлімдемені төмендегідей мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: телефон: 24-04-97, факс 24-53-77, Азамат – 87025876338; Индира – 87021300758; электрондық мекен-жайымыз atameken2011@mail.ru.

 

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы Астана қаласы әкімдігінің   «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі.

Қазылар алқасы жобаның бағалау критерийін бекітеді.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы Конкурстың жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.

 

Байқау  жеңімпаздарын марапаттау:

Конкурсқа қатысушыларға «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің сертификаттары тапсырылады.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің  және Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының I, II, III, дәрежелі дипломдары тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.

Жеңімпаздарды анықтап марапаттау әр пән бойынша жеке қарастырылады;(Ең үздік – география, химия, физика, информатика, тарих, еңбек, дене шынықтыру, ағылшын тілі, орыс тілі мен әдебиеті, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, бастауыш мұғалімі  және т.б пәні мұғалімдері)

Конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.

 

 

 

 

Байқауды ұйымдастыру комитеті:

 

Конкурстың ұйымдастырушысы Астана қаласы әкімдігінің  «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені және Астана қаласының Білім басқармасы болып табылады.

 

 

 

Толық аты-жөні

(құжат бойынша)

Жұмыс орны Қызметі, пәні, тел нөмірі Өтілімі, санаты Жобаның атауы