«ЕҢ ҮЗДІК МЕКТЕП МУЗЕЙІ – 2017» ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУЫ

ЕРЕЖЕСІ 

  1. Жалпы ереже

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені ү.ж. 16 қараша мен 15 желтоқсан аралығында Астана қаласының білім беру ұйымдарының арасында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Қазақстанның қасиетті рухани құндылықтары» («Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы»), ұлттық бірегейлікті сақтау (ұлттық код, ұлттық мәдениет сақталуы), білімнің салтанат құруы, қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру, «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Қазақстандағы 100 жаңа есім», «Туған жер» жобаларын құру мәселелерін негізге ала отырып, «Ең үздік мектеп музейі – 2017» қалалық байқауын өткізеді.

  1. Байқаудың мақсаты
  • Мектеп музейлері арқылы жас ұрпаққа рухани жаңғырудың маңы­зын терең түсіндіру.
  • музей мамандығының дамуының рөлін арттыру;
  • мұражайға келушілермен жұмыс істеуде жаңа әдістер енгізу;
  • экскурсия жүргізушілердің квалификациясын көтермелеу, кәсіптік және шығармашылық бастамаларын ынталандыру;
  • заманауи әдістер мен формаларды енгізу, экскурсиялық қызмет көрсету

сапасын арттыру;

  • мұражай педагогикасы арқылы білім сапасын көтеру;
  • жастар өмірге шынайы көзбен қарап, өз тағдырларына өздері иелік ете алатын азаматтар болуына атсалысу.
  • ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап кеткен әрі жасап жатқан нақты адам­дар­дың өмір жолын үлгі ете отырып, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік, патриоттық сезімдердін қалыптастыру.

 

  1. «Ең үздік мектеп музейі – 2017» байқауы төмендегі талаптар бойынша өткізіледі. Байқау 2 кезеңнен тұрады 

Байқаудың 1 – кезеңі, «Музеймен таныстыру» музейдің мақсаты мен міндеті, жәдігерлері (музей қоры), музейдің болашақ жоспарлары туралы таныстырумен қатар, Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» атты мақаласын негізге ала отырып, музейде іс – шара өткізу.

Іс-шара түріне шектеу қойылмайды. (Ашық сабақ, дөңгелек үстел, кездесулер, әдеби – тарихи кеш, көркем сөз оқулары, концерттік бағдарлама, театрлық қойылым). Ұзақтығы 20-25 минут. Бағалау барысында іс-шараның тәрбиелік мәні мен тақырыптың ашылуы басты назарға алынады.

Байқаудың 2 – кезеңі: «Музейге қош келдіңіз!» атты еркін тақырыпта экскурсия жүргізу. Музей жәдігерлерін пайдалану арқылы қызықты әңгімелеуі.

Бағалау барысында тақырып жайлы білімі, экскурсия жүргізу әдісі, тіл мәдениеті, экскурсия тыңдаушылармен қарым – қатынас құра білу шеберлігі ескеріледі. Ұзақтығы 15-20 минут

 

  1. «Ең үздік мектеп музейі – 2017» қалалық байқауының

бағалау мен марапаттау негіздері:

Бағалау негіздері Ең жоғарғы ұпай саны
Байқаудың 1 – кезеңі; Музейді таныстыру. Іс – шара. (іс-шараның тәрбиелік мәні мен тақырыптың ашылуы). 10
Байқаудың 2 – кезеңі. «Музейге қош келдіңіз!». Экскурсия жүргізушінің әртістік шеберлігі, сөйлеу мәдениеті, жаңашылдығы мен жеке қабілеттері (ақпаратты берудегі өзіндік тәсілі). Экскурсия жүргізушінің топтың назарын жеке қасиеті мен ерекшеліктерін анықтай отыра, белгілі бір тақырыпқа бағыттай алуы. 10

 

Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлерге Астана қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің «Ең үздік мектеп музейі – 2017» сертификаты тапсырылады, номинациялар бойынша марапаттау қарастырылған.

Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегер музейдің жұмыстары басылымда жариялану үшін ұсынылады.

 

Қазылар алқасы:

Қазылар алқасының құрамы «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің бұйрығымен бекітіледі.

Ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасы, байқау жеңімпаздарын анықтап, марапаттайды.

 

  1. Байқауды ұйымдастыру комитеті:

Байқаудың ұйымдастырушысы Астана қаласының Білім басқармасы мен Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы және «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені МКҚК болып табылады.

 

  1. Байқау 2017 жылдың 16 қарашадан – 15 желтоқсан аралығында өтеді.
  2. Байқауға өтініш 01 қарашадан – 15 қараша аралығында қабылданады.

Байқаудың өтетін орны: Астана қаласы мектептерінде, байқауға өтініш беруші өз мектептеріндегі музейде өткізіледі.

Байқауға қатысу үшін өтінішті төмендегі мекен жайға қағаз және электронды нұсқада жіберуге болады: телефон: 24-04-97, факс 24-53-77, Азамат Мәлжанбай – ұ.т: 8(702)-587-63-38; электрондық мекен-жайымыз: atameken2011@mail.ru.

 

Өтініш үлгісі:

«Ең үздік мектеп музейі – 2017» қалалық байқауына қатысу үшін өтініш:

 

Мектеп музейінің атауы Меңгерушісі Байланыс телефоны мен эл мочтасы Мекен-жайы
1
2

 

 Орындаған: Мәлжанбай А.

Тел.: 24-04-97

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *