«JAN’G’YRY’-JAZYDAN BASTALADY. ЖАҢҒЫРУ – ЖАЗУДАН БАСТАЛАДЫ»

2017 жылы қарашаның 3- жұлдызы, сағат 10:00 де, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиін енгізу мәселесі бойынша ақпараттық күндер бойынша «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде ақпараттық сағат өткізілді. Мекеме қызметкерлеріне қазіргі қоғамдағы қызу талқыға түсіп жатқан латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиінің қыр-сырын филология ғылымдарының докторы, профессор Әбдуалиұлы Бекжан түсіндірді. Кешен қызметкерлері талқылауға белсене қатысып, тіл ғалымына өздерінің көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Өз сұрақтарына нақты жауаптар алған атамекендіктер, заман талабына орай туындап отырған, Елбасымыздың жарлығымен бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиін толық қолдайтынын жеткізді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *