СӘУЛЕТ ЕСКЕРТКІШІ

«Атамекен» этно-мемориалдық кешеннің көрікті жерлердің бірі – Мәшхүр Жүсіп мешіті. Мешіттің құрылысы 2000 жылы басталды және шамамен екі жылға созылды, ал 2001 жылы әсем мешіт дінге сенетін адамдарға ашылды. Мешітке жоғары білімді және діни адам, атақты шығыстанушы ғалым Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің есімі берілді.

Павлодардағы басты меіт қаланың барлық шеттерінен көрініп тұр. Шаңырақ тәрізді көк түсті күмбезді алтын жарты ай аяқтап тұр, ал биікке қарап тұрған көк мұнаралар мен сәулетті сатысы қала тұрғындары мен қонақтарының құрметі мен таңданысын өзіне қаратып алады. Мешіттің салыстырмалы түрде жақында салынғандығына қарамастан, бұл сәулетті ғимарат Павлодар қаласының ең басты көрікті жерлердің тізіміне кіреді.

Мәшһүр Жүсіп Көпеев (1858-1931 ж.ж.) Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы ретінде де белгілі, қазақтың ақыны, ойшылы, тарихшы, этнограф, шығыстанушы және қазақ халқының ауыз әдебиетінің жинаушысы болып табылады. Ауыл мектебінде оқыған. 1870 жылы Бұхарадағы қазрет Қамар медресесінде оқыды. Оқуынан кейін ол Солтүстік және Орталық Қазақстан аумақтарына халық ауыз әдебиетінің туындыларын жинау үшін барады. Саяхаты кезінде ол Қазақстандағы көптеген белгілі жерлерді, яғни Қараөткелге, Атбасарға, Қызылжарға барады, осы аймақтарды мекендеген рулар мен тайпалардың өмірі, тұрмысы мен ауыз әдебиетімен танысты. Сол кезде ол өзін өмірде көрген оқиғаларын және құбылыстарын сипаттай алатын терең ойлы және байқағыш ақын ретінде көрсетті.

Осы жазушы, ғалым мен қазақ халқының қадірлі азаматының құрметіне оның атымен Павлодар қаласындағы Басты мешіт аталды.

Мәшһүр Жүсіп атындағы мешіттің сәулет құрылысы әдемілігі мен әсемдігімен таңқалдырады, ол шынымен Павлодар қаласының көрікті жері болып аталды және бүкіл Қазақстанның көрікті жерлер тізіміне кірді.