БІЗ ТУРАЛЫ

МӘДЕНИ ЕСКЕРТКІШ

«Атамекен» картасының территориясында «Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұловаға арналған мемориалды кешен» бар. Ол 2005 жылы салынған. Әлия Молдағұлованың кескіні негізгі нысан болып табылады. Сыртқы нәзік бейнесі арқылы қазақтың тамаша мүсіншілері Е.Сергебаев пен Б.Абишев оның ішкі дүниесі мен армандаған көзқарасын халыққа жеткізе алды. Оның нәзік дене бітімі әлемнің нәзіктігі және өткіншілігімен теңестіріледі. Ол өшпес қадамға аяқ басқан кездегі жасы 20-да толмаған еді. Оның ерлігі мәңгілік тақырыптардың бірі. Батыр қыздың аналық бақыт пен отбасылық өмірді сезінбегені, әрине, өкінішті. Халық барда ол біздің жадымызда. Әлия Молағұлованың қола мүсінінің биіктігі 3,5 метр.