БІЗ ТУРАЛЫ

МӘДЕНИЕТ ЕСКЕРТКІШІ

Жамбыл облысы, Тараз қаласынан 45 шақырым жерде әртүрлі зерттеушілер мен уфологтардың назарын өзіне аударған құпияға толы Ақыртас тас кешені орналасқан. Өз заманында сәулетті сарай болған құрылыс, қазіргі уақытта тек ежелгі қалашық ретінде сақталған. Оның үйінділері әуесқой туристермен жергілікті тұрғындар үшін ғұрыптық орын болып табылады.

Ақыртас VIII ғасырдың аяғы ІХ ғасырдың басымен, ислам өркениетінің Орта Азия мен Ұлы далаға таралу уақытымен мерзімделеді. Бұл кезеңде кеңінен таралған несториандық бағыт әлсіреп, ислам діні қарқынды таралған. Бұл сарайдың салынуы бойынша әртүрлі пікірлер бар, кейбір зерттеушілер сарай араб әскерінің қолбасшысы Кутейб ибн Мүслімнің жетекшілігімен салынған деген пікірді ұстанады. Кейіннен ол өз Отанында дарға асылды, сондықтан қаланың құрылысы аяқсыз қалды.

Ақыртас – «көшпелілер» деп аталатын Ұлы дала тайпалары адамзат өркениетінің орныға бастаған кезінде-ақ қалалар салып, суды құбырдан ішкендігінің бірден бір дәлелі.