«ЕЛІМІЗДІҢ ҰЛЫ МАҚТАНЫШЫ – ҚЫЗЫЛОРДА. ҒАРЫШ ДӘУІРДІҢ ТАЛ БЕСІГІ»

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының  бір жылдығына орай, 12-ші сәуір күні «Жастар сарайы» МКҚК-мен бірлесе отырып, «Еліміздің ұлы мақтанышы – Қызылорда. Ғарыш дәуірдің тал бесігі» атты  іс–шара өткізілді. Іс-шараға Астана қаласының мектеп оқушылары және жоғарғы оқу орындарының студенттері қатысты. Оларға «Ғарышқа жол» тақырыбында дәріс оқылды.