АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ УӘЛИБАЙ АТЫНДАҒЫ МЕШІТ

Әлемдегі цементсіз және шегесіз салынған жалғыз мешіт – Жаркенттегі мешіт. 1886 жылы әйгілі көпес Уәлибай-ахун Юлдашев Ұлы Жібек жолының бойынан ағаштан салынған мешіт тұрғызуға шешім қабылдады. Алайда, жергілікті шеберлердің ешқайсысы тапсырысты алуға келіспеді, себебі, Юлдашевтың басты талабы бойынша, мешіт ешбір шегесіз салынуы керек еді.

Архитектура ескерткіші 1895 жылы қытай архитекторы Хон-Пикпен салынды. Діңгектер тянь-шаньдық шыршалардан дайындалды. Мешіттің қабырғалары қоссырықтардан, ал, шатыры қалайыдан жасалынды. Мешіт Орта Азия архитектурасының үлгісінде тұрғызылған. Шеберлер 120 қайталанбайтын өрнектерге тек төрт түсті бояуды қолданды: жасыл – ұрпақ символы, көк – аспан символы, сары – күннің белгісі және ақ түс – адамның жанын білдірген. Сол жылдардың мұсылмандарының пайымдауынша, егер осы түсті бояуларды араластырса әлемде тыныштық пен бейбітшілік болады деп сенген. Әлемде ХІХ ғасырдың соңындағы қайталанбас туындыға ұқсас ескерткіш жоқ. 1982 жылдан бастап мешіт мемлекеттің қорғауында. Жалпы осындай үш ғимарат салынған болатын – Шанхайдағы ғибадатхана, Құлжадағы мешіт және Уәлибай мешіті. Біріншісін коммунистер қиратқан, ал, екіншісі анықталмаған себептерге байланысты өртеніп кеткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *