ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ АЙТБАЙ МЕШІТІ

Айтбай мешіті қаладағы архитектура ескерткіштерінің ең көнесі болып табылады. Мешіт Қызылорда қаласының тарихи орталығында орналасқан. Ол 1878 жылы құрылысына бай көпес Айтбай Балтабаевтың қаржы салуының арқасында ашылды. Құрылысқа Әулиеатадан халық шеберлері – Исқан ұста және Камал ұста – ат салысты.

Мешіт қала орталығында орналасқан, ұзартылған тіктөртбұрыш іспеттес. Ішкі қабырғалары бойынша мешіт залға және вестибюльге бөлінген. Күйдірілген кірпіштен тұрғызылған және темір шатырмен жабылған. Қасбеттері фигуралы кірпіштермен қаланып, әрлендірілген. Ішкі көрінісі сыланған және әктелген, төбесі боялған. Мешіт кешеніне кіретін аула құрылыстары бар. Сырдария маңындағы қалалар архитектурасы бойынша ғылымда қызығушылық тудырады. Кеңес заманында мешіт дін орталығы ретінде қызмет атқармады, 70-ші жылдары мұнда облыстық өлкетану мұражайының бөлімшесі орналасқан болатын. 1982 жылы мешіт Қазақстанның республикалық маңыздылығы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне қосылып, мемлекет қарамағына алынды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *