«ТАРИХЫ ШЕЖІРЕЛІ АТАМЕКЕН»

18 мамыр 2018 ж. күні кешендегі карта аумағында Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Астана қаласының 20 жылдығы мен 18 мамыр Халықаралық музей күнін атап өту мақсатында, «Тарихы шежірелі атамекен» атты ашық есік күні ұйымдастырылып, келушілерге тегін экскурсия өткізілді. Ашық есік сағат 10.00-ден сағат 01:00 ге дейін жалғасты. Мереке күніне орай, музейге келушілерді көбірек тарту мақсатында кешен аумағында ұлттық бұйымдар көрмесі, әр түрлі тағамдар мен сусындар, балмұздақ және тәтті мақта жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Балалар шығармашылығын дамытып, Елордамыздың 20 жылдығын мерекелеу мақсатындағы «Асфальтқа салынған әсем сурет» байқауына қала мектептерінің бастауыш сынып оқушылары мен «Балалар үйінің» тәрбиеленушілері қатысты. Бүлдіршіндер «Астанаға 20 жыл», «Туған жер», «Атамекен» тақырыптарында кешен аумағындағы алаңға суреттер салды. Байқау соңында, жеңімпаздар марапатталып, картаны тегін аралады және оларға мерекелік сыйлықтар үлестірілді. Сонымен қатар, іс-шара барысында «Экскурсия жүргізуші-2018» байқауының 18 жеңімпазына сертификаттар табысталды және олар жазғы демалыс уақыттарында «Атамекен» кешенінде ақылы жұмыс жасауға мүмкіндік алды. Сондай-ақ, мерекелік концертте – Райымбек батыр атындағы №50 Қазғарыш мектебінің «Нұр әлем» ән тобы, №56 мектеп-лицейдің бишілері және Қазақконцерт ұйымының  фольклорлық ансамблі мен әншілері қатысты. Іс-шараға атсалысқан өнерпаздарға мерекелік сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Кеш соңында мұражай көрушілері мен кешен қызметкерлері арасында лотерея билеттері ойнатылып, ұтысты билет иелеріне бағалы силықтар тапсырылды.