ЖОҒАРҒЫ СОТ ҒИМАРАТЫ

2003 жылы 16-шы желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні Жоғарғы сот ғимаратының салтанатты ашылуы өтті. Ашылуға Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қатысты.

Ғимараттың құрылысын қазақстандық архитекторлар (А.Тортаев, А. Чиканаев, Б.Тортаев) мен түріктердің жобалары бойынша «Джейлан Лимитед» ЖШС (Түркия) жүргізді. Жоспарда Жоғарғы сот ғимараты «Н» әрпі тәріздес тұрғызылған және астанамыздың Бас алаңының ансамблінде ерекше орынға ие. Ғимараттың жалпы көлемі – 18853 ш.м, 4 қабатты, ерекше архитектуралық стильде жасалған. Әрбір кабинет заманауи технологиялармен жабдықталған. Конференц-залдың сыйымдылығы – 300 адам.