БІЗ ТУРАЛЫ

КАЗГЮУ Университеті

Университет Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1994 жылы құрылды. Жоғарғы оқу орнының қабырғасында мемлекет бойынша мықты оқытушылық құрам қызмет атқарады. КАЗГЮУ университеті – Қазақстандағы заң саласындағы жалғыз мамандырылған жоғарғы оқу орны. Оның мақсаты: республиканың құқық реформасын жүзеге асыру, заң білімі мен ғылымын дамыту бойынша жоғары білікті кадрларға деген қажеттіліктерді қанағаттандыру. Жоғарғы оқу орны Европадағы заң оқы орындарының жыл сайынғы анықтамалығына енгізілген. Жалпы көлемі 32 000 ш.м. құрайтын территорияда бір архитектуралық топпен бірнеше оқу корпустары тұрғызылған. Онда амфитеатрлармен жабдықталған 40 аудитория, 6 дәріс залы, үлкен спортзал, кітап қоймасы мен автоматты кітап беру қызметі бар екі деңгейлі кітапхана және асхана бар.