СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ БОЙЫНША СҰРАҚТАР ЖӘНЕ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің конференц залында 20 маусым 2018 ж. күні «Сыбайлас жемқорлық бойынша сұрақтар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дәрісті Астана қаласы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы Департамент қызметкері Раимбаев Данияр Исраилович өткізді. Маңызды ақпаратқа толы іс-шараға Астана қаласының Мәдениет және спорт басқарамысының қызметкері,  Алжир музейінің, Сәкен Сейфуллин мұражайының, Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекциясының, «Атамекен» кешенінің қызметкерлері қатысып, сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес заңымен, аталған қылмысқа қатысты адамдардың жауапкершілігі, сыбайлас-жемқорлық түрлерімен танысты. «Бұл мемлекет қызметкерлері, жалпы Қазақстан Республикасының әр азаматы білуі тиіс ақпарат. Себебі, заң бұзушылықтардың көбі сауатсыздықтан немесе төмен сауаттылықтан, менмендіктен туындайды» – деді Раимбаев Данияр  дәріс барысында. Жылда өтілетін бұл дәрістің қызметкерлеріміз үшін маңызы зор.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *