Ш.УӘЛИХАНОВ ЕСКЕРТКІШІ

Ш.Уәлиханов ескерткіші 1971 жылдың 20 тамызында қойылды. Ол – Ленинград қаласында қоладан жасалған. Сәулетші – К.Абдалиев, мүсінші – Т.Досмағанбетов. Мүсіннің биіктігі – 5 метр, жалпы биіктігі – 9,18 метр.

Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (шын есімі Мұхаммед Қанафия; 1835, Қостанай облысы Сарыкөл ауданы Құсмұрын жері –10 сәуір 1865, Көшентоған, Жетісу) – қазақтың ұлы ғалымы, XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда туған демократтық, ағартушылық мәдениеттің тұңғыш өкілдерінің бірі, шығыстанушы, тарихшы, фольклоршы, этнограф, географ, ағартушы. Әжесі бала күнінде «Шоқаным» деп еркелетіп айтуымен, «Шоқан» аталып кеткен.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *