СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ, ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП КҮН БОЛАМ…» АТТЫ ӘДЕБИ-ТАНЫМДЫҚ КЕШ

XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ірі тұлғасы, аса көрнекті ағартушы, ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров аз ғұмырының ішінде (27 жасында қайтыс болған) бірнеше лирикалық өлеңдер,10 шақты мақала, екі роман, 5-6 поэма жазып қазақ поэзиясын жаңа сатыға көтерген ірі суреткер, реалист жаңашыл ақын. Бүгін тамыз айының 15 жұлдызында Алаштың бағына біткен, Абайдан кейінгі қазақтың жазба әдебиетінде әр жанрда еңбек етіп ерекше көзге түскен Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам…» атты әдеби-танымдық кеш өтті. Кеш барысында экскурсия бөлімінің жетекшісі Азамат Мәлжанбай ақын өмірінен баяндама оқып, бейнесюжет көрсетті. Жазғы маусымда еңбек етіп жүрген экскурсия жүргізуші оқушыларымыз ақын жырларын жатқа мәнерлеп оқып, ән мұрасына да тоқталып өтті. Танымдық кешке музей қызметкерлері қатысты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *