«АТАМЕКЕН» КЕШЕНІНДЕ СЕГІЗ СЕРІНІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА КЕШ ӨТТІ

Тамыз айының 27 жұлдызында «Атамекен» Қазақстан картасы» кешенінде Сегіз Сері Баһрамұлының шығармашылығына арналған «Гауһармын таразыға салынбаған» атты әдеби-сазды кеш өтті. Музей педогогикасы бөлімінің жетекшісі, Сегіз сері тақырыбын жіті зерттеген ғалым, әнші Серік Оспанов ұйымдастырған әдеби-сазды кешке филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Негимов, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, күйші Жанғали Жүзбаев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, дәстүрлі әнші Ерлан Рысқали келді. Олар Сегіз Серінің шығармашылығы төңірегінде тың тарихи деректерден мағлұматтар беріп, серінің өмірі туралы ой өрбітті, сондай-ақ, ән мен күйден шашу шашты. Шараға кешен қызметкерлері қатысты.