ЖАНҚОЖА БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Жанқожа батыр кесенесі 992 жылы салынған. Қазалы ауданы, Әйтеке би кентінен батысқа қарай 4 шақырымда орналасқан. Кесене халық батыры және көріпкел әулие Жанқожа Нұрмұхаммедұлына арнап салынған. Іргетасына бетон блоктары төселіп, қабырғалары күйдірілген кірпіштен қаланған. Ұзындығы 11,5 м., ені 11,5 м., биіктігі 8 м. Жалпы ауданы 127 ш.м. Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала есепке алу тізіміне енгізілген. Жанқожа батыр (1774-1860) жылдар аралығында өмір сүрген. Арал теңізіне жақын жердегі ауылдардың бірінде дүниеге келген. Әлімұлы тайпасының Шекті руынан шыққан батыр. Ол қоқандарға қарсы 1856-1857 ж.ж. қазақтар көтерілісінің қолбасшысы болған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *