СЕНАТ ЖӘНЕ МӘЖІЛІС ПАРЛАМЕНТ ҒИМАРАТТАРЫ

Демократиялық республикада маңызды мемлекеттiк шешiмдердi Парламент қабылдайды. Қабылданатын заңдардың сапасы қандай болатынына заң жобалары талқыланатын орын да әсер етедi. Астананың жаңа орталығында «Астана – жаңа қала» арнайы экономикалық аймағының аумағында салынған Парламент Мәжiлiсiнiң ғимараты мемлекетiмiздiң заң шығару билiгi саласының лайықты нышаны болып табылады. Ол жаңа әкiмшiлiк орталықтың бас алаңында, Мемлекет басшысының Ақордасы, Жоғарғы Сот пен Сенат ғимараттары жанында орналасқан және 22 қабатты биiк ғимаратымен, Парламент палаталарының бiрлескен отырыстарына арналған залымен 4 блокты кешеннен тұрады. Мәжiлiс пен Сенат ғимараттары өзара өтпелi галереямен байланысқан. Мәжiлiстiң ғимараты Қазақстан Республикасының Президентi Iс басқармасының тапсырысы бойынша салынды. Мәжiлiс ғимаратының құрылысын «Ахсель Иншаат» түрiк құрылыс компаниясы жүзеге асырды. Құрылыс үш жыл: 2002-2004 жылдары жүргiзiлдi. Кешеннiң жалпы аумағы 26 800 ш.м. құрайды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *