ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТІЛДЕР МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН «АНАМНЫҢ ТІЛІ – АЙБЫНЫМ МЕНІҢ» КОНКУРСЫ ӨТТІ

21 қыркүйек күні «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешені қызметкерлері арасында «Анамның тілі – айбыным менің» атты шара өтті. Аталмыш сайыс Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күні қарсаңында өткізіліп отыр. Жиынның мақсаты – Қазақстанда тұрып жатқан халықтар достығы мен ұлттық құндылықты сақтауға шақыру болып табылады. Жиынға кешен қызметкерлері қатысып, тіл туралы арнайы дайындалған қызықты сұрақтар мен тапсырмаларға жауап берді. Сайыс соңында әділ қазылар алқасының шешімімен үздіктер марапатталды.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *