АРДАГЕРЛЕР АРДАҚТАЛДЫ

Қазақта «Қартын сыйлаған елдің қазынасы мол» деген ұлағатты сөз бар. Елімізде жыл сайын 1 қазан «Халықаралық қарттар күні» болып тойланып келеді. Бұл – жан дүниенің жомарттығы мен адамдықтың, азаматтықтың кемел шағына деген құрмет. Жас ұрпақтың мақсаты ешбір зейнеткердің ұмыт қалмауы болып табылады. Осы орайда «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің қызметкерлері елордалық қарттарымызды құттықтап қайтты.
Ұлы Отан соғысының тыл ардагерлері Айнекбаева Халима Бушайқызы мен Ерина Клара Федоровнаға Кешеннің атынан қажетті азық-түліктер жеткізіліп, ардагерлердің алғысы алынды.
Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасында Еліміздегі ардагерлердің жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасалып келеді. Халық арасында аузы дуалы, әңгімесі бәтуалы қарттарымыз барда ел ішінде алауыздық орын алмайтыны, жастар жөнсіз кетпейтіні белгілі. Атамекен қызметкерлері қазыналы қарттарымыздың ақылын тыңдап, аманатын арқалап қайтты.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *