ЫРҒЫЗБАЙ АТА КЕСЕНЕСІ

Шығыстың рухани бұлағы, қасиетті де атақты емші Ырғызбай Досқанаұлы 1787 жылы туып, 1850 жылы дүниеден өткен. Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Ырғызбай жасынан шипалы шөптерді пайдалана отырып, талайдың дертін жазып емдеген. Ырғызбай Досқанаұлының кесенесі мен оған зиярат жасап келушілерге арналған үйдің іргетасы 1990 жылы 7 қазан күні қойылып, 14 қазан күні басталып, 22 қазан күні аяқталған. Ол кезде кесене силикат кірпішпен қапталған. Силикат кірпіштің жарамдылық уақыты өте қысқа болғандықтан кесененің іргесі жаңбыр мен желдің әсерінен мүжіліп тоза бастаған. Кесенеге қазақ халқына сыйлы Сабуровтар әулеті атынан және алаштың ардақты ұлы Бәделхан Камалханұлы тарапынан 2014 жылы қайта жаңғыртылу жұмыстары жүргізілді. Кесене Сырдария сағасындағы маңдай беттегі кіре берісте екі ойығы бар екі камералы ескерткіштердің дәстүріне жатады. Ескерткіш жоспары жағынан 6,5х6,4 м. болатын тік төрт бұрышты қызыл гранит тастардан өңделіп соғылған.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *