ІС-ШАРАЛАР

“ҚАСИЕТТІ АТАМЕКЕНІМ” АТТЫ АШЫҚ САБАҚ

“Атамекен” этно-мемориалдық кешені ұйымдастырып жатқан “Үздік сабақ – Үздік педагог” байқауы жалғасып жатыр. Осыған орай, Астана қалалық №3 мектеп-гимназиясы “Қасиетті атамекенім” атты ашық сабағын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Атамекеннің адамның өсіп-дамуындағы, өміріндегі орны туралы түсініктер беру. Атамекеннің қадірін білу, оған қызмет етуге жастайынан баулу болып табылады.