ДОМАЛАҚ АНА КЕСЕНЕСІ

Қазақ халқының абыз аналарының бірі, халық арасында «Домалақ ана» атанған Нұрилә Әли Сланқызының зиратының басына тұрғызылған. Нүрилә – Бәйдібек бабаның үшінші әйелі. Домалақ ана өзінің ақылдылығымен ел іші бірлігінің ұйытқысы бола білген. Тарихи жазбаларда Домалақ ананың адамгершілігі, әдептілігі, парасаттылығы мен шыншылдығы және аналық қасиетінің арқасында «Домалақ ана» аталуы жайлы көптеген деректер жазылған.

Домалақ ана парсы тілінен аударғанда «Дихнат мама», яғни Әулие ана мағынасын білдіреді. Кейіннен Дихнат деген сөз Домалақ деп ауыстырылған Домалақ ана кесенесі жерден 12 м биіктікте сегіз жапырақты етіп өріліп, негізгі бөлігінің үстіне күмбез орнатылған. Аңыз бойынша, Домалақ ана кесенесінде екі қасиетті тас бар, осы екі тастың арасынан тек жаны таза адам өте алады. XX ғасырда салынған кесене 6 бағаналы болған.

1957 жылы қайта қалпына келтірілген кесене көп сақталмаған. 1966 жылы Маңғыстаудан алып келінген ақ тастармен қайта қаланды. 2000 жылы кесене айналасын көркейту-көгалдандыру жұмыстары толық аяқталды. Домалақ ана мұражайында түрлі көне қолжазбалар, қолдан жасалған көптеген заттар сақталған. Домалақ ана кесенесі – көпшілік тәу етер қасиетті орын.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *