ШЫҒЫСТЫҢ ҒҰЛАМА ҒАЛЫМЫ – ӘЛ-ФАРАБИ

Бүгін «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» Рухани жаңғыру бағдарламасы мен «Жастар жылына» орай «Шығыстың ғұлама ғалымы – Әл-Фараби» атты дәріс өтті.

 

Жиынның мақсаты Қазақтың ұлы ойшылы өмірі мен тарихтағы орны, еңбектерінің құндылығы, ғылымның дамуына қосқан үлестері, қазіргі кездегі Әл-Фарабидің зерттелуі туралы құнды мәліметтермен бөлісу. Әл-Фарабидің мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызы туралы ой-толғау. Жиында сөз алған Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Журналистер Одағының мүшесі Оспан Серік Кәрібайұлы ғалымның мемлекет, ел басқару жөніндегі тұжырымды ойларын айтып, ойшылдың бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызға ие екендігін тілге тиек етті.

Әл-Фарабидің еңбектері күні бүгінге дейін өз мән-маңызын жойған жоқ. Оның өмірі мен энциклопедиялық ғылыми мұрасы, рухани әлемі көзі тірі кезінде-ақ сол заман ғалымдарының назарын өзіне аударғаны анық. Бұл туралы дәрісте кеңінен айтылып, ғалымның «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты зерттеуіне жеке тоқталды.

Дәріс соңында кешен қызметкерлері 2020 жыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай оның бай рухани мұрасын әлемдік деңгейде атап өтуге ұсыныс жасап, өз тарапынан үлес қосу қажет деген ортақ шешімге келді.