КЕШЕННІҢ АШЫЛУЫ

Бұл әлемде бізде бір ғана Отан бар. Ол – Қазақстан. Біздің ортақ, киелі парызымыз біздің тәуелсіздігімізді жан-жақты бекіту, нығайту, мемлекетіміздің күш-қуаты бен байлығымызды көбейту, дүниежүзілік қауымдастықта абыройымыз бен намысымыздың жалауын биік ұстап, адал әрі шын берілгендікпен Отанымызға қызмет ету. Ол үшін еліміздің әр азаматы барлық ниетімен, біздің жеріміз бен халқымыздың бірлігін сақтауда, ұлтаралық бірлік пен келісімнің сақталуында  өзінің ұлы тарихи жауапкершілігін сезінуі тиіс.

Н.А.Назарбаев

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 2001 жылдың 8 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен ашылды. Астана қаласының әкімшілігі іс-шараның ұйымдастырушысы болды. Астана қаласының мәдениет басқармасы уәкілетті органы болды.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» қызметінің мақсаты тарихи-мәдени және рухани құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ету, оларды халыққа қолжетімді ету және адамдардың қызығушылығын арттыру, қазақстан мәдениетінің табыстарын насихаттау, Қазақстанның тарихи мұрасын зерттеу, барлық табиғи аймақтарының бейнелілігі және экономикалық табыстарының қамтылып көрсетілуі, мәдени құндылықтарының сақталуы мен көбейтілуі.

«Атамекен» Қазақстан картасы» танымдық көркемдік кешені сізді мемлекет тарихымен, және онда тұратын халықтар мәдениетімен сізді таныстырады. Стильге салынған таулар, қырлар, дала, ормандар, көлдер, символды түрде белгіленген ірі қалалар бұл мәдениет орталығының символды ансамблін құрайды. «Атамекен» Қазақстан Картасындағы» қызықты жерлердің бірі Каспий теңізінің сәнді безендірілген моделі болып табылады.