ІС-ШАРАЛАР

ТҮЛЕГЕН, ТҮРЛЕНГЕН ТҮРКІСТАН

«Атамекен» Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінде Елбасымыздың «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласына орай «Түркі әлемінің рухани астанасы – киелі Түркістан» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

1500 жылдан астам тарихы бар өлке жайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев: «Әрбір халық, әрбір тәуелсіз мемлекет өзінің рухани орталығын нақтылап алуы керек. Қазақстанның рухани орталығы Түркістан», – деген болатын. Киелі мекен ғажайыбы сырға толы өзен-көлдер мен тау-тастар, ормандар мен шөлейіттер массиві тарихи кезеңдердің куәсі болды.

Жиында шаһардың терең тарихы қозғалып, бүгіні айтылды. Өңірдің мәдени ошақтарына шолу жасалынып, халқымыздың баға жетпес байлығы – мәдени мұралары жайында сөз болды.

Бүгінде облыс орталығы атанып күннен-күнге көркейіп келе жатқан Түркістанды –түлетуге үлес қосу аймақ перзенттерінің айнымас борышы деп білеміз. Алдағы уақытта Түркі әлемінің мәдени астанасы – Түркістан қазақ мәдениетінің дамуына өзінің сүбелі үлесін қоса бермек.