АСУДЫ БАҒЫНДЫРҒАН АРУЛАР

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде» «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде  «Қазақ тарихындағы атақты аналар және қазіргі қыз-келіншектердің әлеуметтік орны» атты дөңгелек үстел өтті.

Аталмыш іс-шара «Бір қолымен бесік, бір қолымен әлемді тербеткен» әзиз аналардың қоғамдағы орны, кешегі-бүгінгі тарихымыздағы парасаты мен тәрибесі жарасқан ұлы аналар жолын бүгінгі қыз-келіншектерге насихаттау мақсатында өтті.

«Қазақстандық әйелдер билік пен бизнесте, ғылым мен мәдениетте ерекше қабілетімен танылуда. Олардың бойында шығыс мәдениетіне тән нәзіктік пен ұстамдылық, батыс өркениетіне тән ой тәуелсіздігі мен еркіндік бар. Елбасының «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзегі», – деп атап өтуі зор сүйіспеншілік туғызады», – деді шарада сөз алған ҚР еңбегі сіңген әртісі әрі қайраткері Серік Кәрібайұлы.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *