«БОГАТЫРЬ» КӨМІР КЕНІШІ

«БОГАТЫРЬ»дүние жүзіндегі аса ірі қуатты көмір кеніші болып табылады. Көмірдің неғұрлым мол қоры (1 шар.шақ. есептегенде) Екібастұз бассейнінде шоғырланған. Көмірді ашық әдіспен қазып алу мүмкіндігін, көмір өндірудің өзіндік құнының төмендігін бассейннің тиімді географиялық жағдайы жасайды. Барланған қордың және ашық әдіспен алынатын көмірдің көлемі бойынша Екібастұз бассейні еліміздің көмір бассейндерінің ішінде алғашқы орындардың бірін алады. «Богатырь» кеніші реконструкцияланып, қайта жарақтандырылды. Ол одан әрі дамытылып, жобалық қуатына сай жылына 50 млн тонна көмір өндірілді және осы саладағы ең жоғары еңбек өнімділігіне жеткізілді.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *