ІС-ШАРАЛАР

«АТАМЕКЕН» КЕШЕНІ ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН МУЗЕЙІНДЕ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әлкей Марғұланның туғанына 115 жыл толуына орай, Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп музейіне танымдық экскурсия өтті.

Экскурсияны Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектебінің музей меңгерушісі Сәуле Байдрахманова жүргізді. Ол академиктің өмірі мен шығармашылығымен таныстырып, кешен қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.