ӨТКЕНГЕ КӨЗҚАРАС
«Атамекен» этно-мемориалдық кешенде шынымен, тарихи және мәдени құндылықты – керемет құлпытастары мен ескерткіштері бар. Жыл сайын күллі әлемнен жүздеген туристер ашық аспанда мұражайдың көрнекі орындарымен тамсанады. Олардың көбі қазақ халқының тарихи-мәдени құндылығының қазынасына кірді. Осындай ескерткіштердің бірі Қабанбай батыр кесенесі.
Қабанбай батыр – ұлы қазақ полководец кесенесі Қазақстанның атақты орындарының бірі болып табылады. Ол Ақмола облысы, Целиноград ауданы Қабанбай батыр ауылдық округі мекенінде Астана қ. оңтүстігіне қарай 20 шақырым және Қызылжар ауылының солтүстік-шығысына қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Кесене 2000 жылы аңызға айналған батырдың болжамды жерленген жерінде сәулетші Ақжайық Сауменовпен салынған.
Қабанбай Ерасыл Сырдария бойында, шамамен 1691 жылы дүниеге келді. Жастайынан әкесі мен ағасынан айырылды. Олар жоңғар шапқыншылығы кезінде қайтыс болды. Қабанбай жастайынан жоңғарлармен шайқасушылардың қатарына қатысты. Көп жылдар бойы жаумен күресте өз атын танымал етті. Батылдығы үшін ол көп аттарға ие болды: Ізбасар – әкесінің ерлік әрекеттерінің мұрагері, Қарбала – бір өркешті түйе секілді жас күшті, Дарабоз – теңдердің ішіндегі ерекше, Қабан – жау күштерінің тыныштығын бұзушы. Нәтижеде осылардың бірі оның есімінің бөлігі болды. Қабанбай Қазақ хандығының астанасы – Түркістан қаласының қорғанысын басқарды. Сонымен қатар ол Бұлаты (1729), Аңырақай (1729), Іле (1730), Шаған (1735), Шорғын (1740) сияқты стратегиялық маңызды шайқастарда қазақ әсекерлерін басқарды. 1725 жылы Алакөл өзені маңындағы шайқаста, 1728 жылы Шұбартеңіз бен Балхаштың солтүстік жағалауындағы шайқаста көрнекті жеңістерге жетті. Батырдың өлімінен кейін, 1770 жылы мәйітінің орнында киіз үй орнатылды.
Содан туыстары мазар құрастырды. Ол 20 ғасырдың 50 жылдарына дейін тұрды, кейін тың жерлерді игеру кезінде сынып бөлшектенді. 25-метрлі мавзолей Қабанбай мәйітінің орнында біздің кезеңде салынды. Ғимараттың жалпы көллемі 41,3 м.кв. Кесене сапалы қызыл кірпіштен салынған. Сәулет жоспарында ол дәстүрлі дала сәулетін және иран сәулетшілері стилін біріктіреді. Жабық шатыр ХІ ғасырдың мұнара кесенесі – Кабусты есте қайта тірілтеді. Кесенеде жарық қызықты құрастырылған, кіру жағы таңқаларлық, жоспардағы кесененің жұлдызды шатыр негізі керемет ойластырылған. Жалпы сәулетші ғарыштағы жеңілдік пен аспан үстінде қалықтау әсерін жеткізуге тырысты. Бұл іргелі тастың тар көлденең қималарымен жүзеге асады. Осыған ұқсас көшпенділер ыстық күнде киіз үйді желдету үшін маңдайшаның шеттерін көтеріп отырды. Ескерткіштің жалпы нысаны әскери дулығаны еске салады, батырға сай салынғанын атап көрсетеді. Ескерткіш қазіргі және бұрынғы заманғы қасиеттеріді жақсы біріктіреді.