ЖАҢАЛЫҚТАР

ЖОЛДАУДЫҢ ЖАРҚЫН ЖОЛЫМЕН

Кешегі күні «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы халыққа жолдауын талдап, өз ой пікірлерін ортаға тастаған жиын болып өтті. Жиынға Астана қаласы, Есіл ауданы Нұр Отан партиясы филиалы төрағасының бірінші орынбасары Сеитов Ахмет Мағзұмұлы қатысып «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» және жолдаудың он бағыты жайындағы ойын ортаға салды. Әр бағыт жайында тереңірек айтып, ел ішіндегі жайттарға мысал келтіре отырып түсінік берді. Сөз соңында Елбасы жолдауындағы жүктелген міндеттер орындалып, әр азамат Қазақ елінің қарыштап дамуына өз үлесін қосатындығына сенім білдірді.