ЖАҢАЛЫҚТАР

БАЙҚАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын негізге ала отырып, өткен жыл соңында  Тұңғыш Президент күні мен Тәуелсіздік күніне арналған «Киелі Атамекенім» аясындағы «Үздік сабақ», «Үздік педагог» және «Ең үздік мектеп музейі – 2017» атты Астана қаласы  мектептері және мұражайлар арасында байқау өткен болатын.

Осы айтулы іс-шараны өткізуге бастамашы болған «Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінің директоры Сейдімбек Салтанат Ақселеуқызы, кешен директорының орынбасары Жексенбаева Жұлдыз Мақсұтқызы, «Нұр Отан» партиясы Астана қаласы Есіл аудандық филиалы төрағасының Бірінші орынбасары Сеитов Ахмет Мағзұмұлы, Астана қаласы Білім басқармасының әдіскері – Әдінаева Қания Құралқызы болатын. Жүрекжарды құттықтау тілектермен ашылған кеш, жеңімпаздарды мараппатаумен жалғасты. Байқау қорытындысы бойынша «Үздік сабақ» байқауында 3 орынмен №50 мектеп-лицейінен 1 ұстаз. 56 мектеп-лицейінен 2 ұстаз, 67 мектеп-гимназиясынан 4 ұстаз, 73 мектеп-гимназиясынан 2 ұстаз, 81 english school-дан 2 ұстаз, 37 орта мектептен 1 мұғалім, 63 мектеп-гимназиясынан 1 ұстаз, 70 мектеп-лицейінен 1 ұстаз, 74 мектеп-лицейінен 1 ұстаз, Республикалық физика-математика мектебінен 1 мұғалім, 43 орта мектептен 1 ұстаз, 68 орта мектептен 2 ұстаз, 54 орта мектептен 1 мұғалім, 59 мектеп-лицейінен 1 ұстаз марапатталса, «Үздік педагог» байқауында 3 орынға №73 мектеп-гимназиясынан 1 ұстаз, 28 орта мектептен 1 ұстаз, 58 орта мектептен 1 ұстаз, 70 мектеп-гимназиясынан 2 ұстаз, 43 орта мектептен 1 мұғалім ие болды. Ең үздік музей 2017» байқауында 3 – орын алғандар «Т. Айбергенов атындағы №16 орта мектебі» музейі, «Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп гимназиясы»

Ғ.Қайырбеков музейі, «Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназиясы» «Музей боевой славы», №56 мектеп-лицей «Абай-Шәкәрім» клуб-мұражайы болды.

«Үздік сабақ» байқауында құрметті 2-ші орынға №70 мектеп-гимназиясынан 1 мұғалім, 40 орта мектептен 1 мұғалім, 74 мектеп-гимназиясынан 2 мұғалім, 67 мектеп-гимназиясынан 1 ұстаз, 73 мектеп-лицейінен 1 ұстаз, 63 мектеп-гимназиясынан 1 мұғалім, 58 мектеп-гимназиясынан 2 ұстаз, 81-ші english school-дан 1 ұстаз, 56 мектеп-лицейінен 1 мұғалім ие болса, «Үздік педагог» байқауында 2 орынға 81-ші english school-дан 1 мұғалім, 73 мектеп-гимназиясынан 1 мұғалім марапатталды. «Ең үздік музей 2017» байқауында 2 орынды Ә.Марғұлан атындағы №40 орта мектеп, «Академик Әлкей Марғұлан» музейі, №54 мектеп-лицей, Ақселеу Сланұлы Сейдімбек атындағы музей, №67 мектеп-гимназиясы, Ілияс Есенберлин атындағы музейлері қанжығаларына байлады.

Осы байқауда бағы да, бабы да қатар шапқан 1 орын иегерлері болды, яғни «Үздік сабақ» бойынша 1 орынға 63 мектеп-гимназиясынан 1 ұстаз, 56 мектеп-лицейінен 3 ұстаз, 65 мектеп-гимназиясынан 1 мұғалім, 28 орта мектептен 2 мұғалім, 67 мектеп-гимназиясынан 2 ұстаз, 70 мектеп-лицейінен 6 ұстаз, 54 мектеп-лицейінен 1 мұғалім, 74 мектеп-гимназиясынан 2 ұстаз ие болса, «Үздік педагог» байқауында құрметті 1 орынға 43 орта мектептен 1 ұстаз лайықты болды. «Ең үздік музей 2017» байқауында 1-орын алғандар «Жамбыл Жабаев атындағы 4 мектеп-гимназиясы» «Мектеп тарихы» музейі және «Жамбыл Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы» «Жамбыл, Абай» музейі болды. Марапаттау барысында елге танымал әншілер өнерлерін ортаға салып, кештің көркін ән шашуларымен қыздырып отырды. Кеш соңында аталмыш байқауға қатысып бақтарын сынаған басқа да мектеп ұстаздарына арнайы сертификаттар табысталды. Ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, педагогика саласындағы мамандар арасында болатын бұл байқау бүгінгі күні жыл сайынғы дәстүрге айналған. Келесі байқауда жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын майталман мамандар жарқырап танылатыны сөзсіз.