«ТУҒАН ЖЕР ЫСТЫҚ ӘР ҚАШАН…»
4 сәуір 2018 ж. күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасын негізге ала отырып, «Туған жер ыстық әр қашан…» – атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелдің мақсаты: Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынған «Туған жер» бағдарламасы негізінде мектеп оқушыларына патриотизмнің жақсы үлгісін көрсету, туған жердің тарихынан сыр шертетін туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені және ондағы әрбір жер атауының төркіні туралы аңыздар мен әңгімелер арқылы туған еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, сонымен қоса әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттерімен өскелең жас ұрпақты етене таныстыру. Дөңгелек үстелді Атамекеннің экскурсия бөлімінің біліктілігі жоғары экскурсия жүргізушісі-тарихшы Садықов Серік Қайырбайұлы мен экскурсия бөлімінің басшысы Мәлжанбай Азамат өткізді.