ІС-ШАРАЛАР

ЕЛОРДАНЫҢ 20 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕКЕСІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ЕЛБАСЫМЫЗДЫҢ РӨЛІ» АТТЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

«Атамекен» Қазақстан картасы» этно-мемориалдық кешенінде 4 маусым 2018 ж., сағат 15:00 де Елорданың 20 жылдық мерекесі мен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған «Астана қаласының қалыптасуындағы Елбасымыздың рөлі» атты дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты: Мемлекеттік рәміздердің қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы маңызы туралы жас жеткіншектерге кеңірек түсіндіру, сонымен қатар Астана қаласының қалыптасуындағы Елбасымыздың рөлі ерекше екенін атап өту.

Дөңгелек үстелге мекеме қызметкерлері мен «Атамекен» кешеніндегі жас экскурсия жүргізушілері қатысып, іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын  орындаумен басталды және еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін рәміздер туралы видео–роликтер мен танымдық слайд көрсетілді. Қорыта келгенде, қатысушылар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай: «Мемлекеттік рәміздер – біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі» – екендігін көкейлеріне ұялатып қайтты.