БІЗ ТУРАЛЫ

ШЫҒАНАҚ БЕРСИЕВ КЕСЕНЕСІ

Шығанақ Берсиев (1884-1944) – тары өндірудің танымал шебері болған. Ақтөбе облысының құрғақ аудандарында, құрғақ ауа-райы жағдайында Берсиев тары өсіруден мол өнімге қол жеткізіп, әлемдік рекорд орнатты. Ол тарының жаңа сортын ойлап тапты. Ленин орденімен марапатталған. Шығанақ Берсиев 1944 жылы қайтыс болды. Пирамида тәріздес кеесене 1947 жылы белгілі архитектор Төлеу Басеновтың жобасы бойынша салынды. Күйдірілген кірпіш, цементтен тұрғызылған және әктелген. Диаметрі – 8 м, биіктігі – 7 м. Кіреберісте: «Атақты Шығанақ Берсиевке» – деген жазу бар. Оған Ақтөбе қаласында, А.С.Пушкин атындағы қалалық мәдени демалыс саябағында және оның отаны Ақтөбе облысы, Ойыл ауданында ескерткіштер орнатылған. Бұл күйдірілген кірпіштен тұрғызылған жоспар бойынша домалақ ескерткіш сыртқы пішіні бойынша үйтамдарына ұқсас. Қабырғалардың шеңбері 1.30 м дейін көтеріледі, содан кейін дереу жалған күмбездің қаландысымен жалғасып кетеді. Кесененің оңтүстік-батыс қабырғасында алдыға шығыңқы аркалық өту жолы бар портал салынған. Порталдың екі жақ жанында айналма баспалдақтар орналасқан, оның сол жақ бөлігі күмбездің үстімен алаң орналасқан жерге апарады. Кесененің ішкі бөлігінде ойықшалары бар тақтайшалар бар. Күмбездің үстіңгі бөлігі тары масағы іспеттес жасалған. Ескерткіштің барлық жоғарғы бөлігі сыланған және әктелген.