ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ
Бүгінгі таңда елімізде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша түсіндіру жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Осыған орай, «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінде 24-ші шілде күні әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша түсіндірме жиналыс өтті. Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Астана қаласы бойынша филиалының халықты ақпараттандыру және шағымдарды қарастыру бөлімінің жетекшісі Руслан Нұрланбекұлы Ескендір қатысып, әлеуметтік медициналық сақтандырудың негізгі мақсат-міндеттеріне жан-жақты тоқталды. Руслан Нұрланбекұлы Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру – халықтың мүддесін әлеуметтік қорғаудың түрі екендігін, сондай-ақ, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасын арттыруға зор мүмкіндік беретіндігін атап өтті. Сонымен қатар, науқасқа медициналық көмек қажет болған жағдайда әлеуметтік медициналық сақтандыру оның денсаулығына кепілдік болатындығына мысалдар келтірілді. Жиналыс барысында «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенінің қызметкерлері тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.