СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ МҰРАЖАЙЫ
1909 жылы Алексей Юзефович атты саудагер салған ағаш үй. Үлкен үй 2 қабаттан, балконнан және шатыр терезесінен тұрады. Осы үй 1985 жылы шығармашылық өнер мұражайына берілді. Мұражайға айналмай тұрып кешенді Кеңес өкіметі әртүрлі мекемелерге берген болатын.
1989 жылы тарихи-өлкетану мұражайының бейнелеу өнері бөлімінің негізінде ашылды. Мұражай орналасқан ғимарат республикалық маңызды бар ХІХ ғасырдың сәулет өнерінің ескерткіші болып табылады.
Алғашқы топтамалар – Қазақстан суретшілерінің кескіндеме, графика, мүсіндеме туындылары 60-шы жылдары Алматы қаласы картина галереясына тапсырылды, сондай-ақ жергілікті суретшілерінің полотнолары сатып алынды. Топтамалар Мәскеу қ. Вучетич атындағы ЖКӨБ, Суртешілер одағы, Қазақстанның Мәдениет министрлігінің көрмелер дирекциясының, сатып алынған және сыйлаған жәдігерлермен толықтырылды.
Топтаманың негізгі бөлігін атақты суретшілер – В. Фаворский, Кукрыныкстер, Г. Поплавский, Р. Хачатрян және т.б. шығармашылығы көрсетілген графика бөлімі құрайды. Кескіндеме бөлімінің негізгі бөлігін Қазақстан шеберлері Ә. Қастеев, Н. Хлудов, А. Ысмайылов, Ж. Шарденов және т.б. жұмыстары құрайды.
Сәндік-қолданбалы өнер қорына қазақ, орыс, украин қолданбалы өнер шеберлерінің топтамалары енді: орал жайпақ табақтары, самурындар, төс белгілер, керамика және этнография заттары.
Балалар шығармашылығы жұмыстарының топтамасы бар.