Н.БЕКЕЖАНОВ АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА МУЗЫКАЛЫҚ-ДРАМА ТЕАТРЫ
Қызылорданың Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ драма театры 1955 жылы Талдықорған қаласы Еңбекшіқазақ және Қаратал ауданындағы колхоз-совхоз театрының негізінде ұйымдастырылды. Театр өзінің шымылдығын тұңғыш рет 25 қарашада М.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» трагедиясымен ашты. 1960 жылы наурыз айында театр Қызылорда қаласына көшірілді. 1970 жылы театрға Нартай Бекежановтың есімі берілді. 1997 жылы театр сазгер Нартай Бекежанов атындағы музыкалық-драма театры болып өзгертілді. Театрдың іргесін қаласып, алғашқы күннен бастап өнер көрсеткендер арасында ҚазАКСР-інің еңбек сіңірген әртістері Т.Айнақұлов, О.Әбдімомынов, Ш.Әбдібаев, С.Шотықов пен Қ.Көпбаев, А.Манасбаев, Ш.Мәрденов, Қ.Саурықов, Р.Тәжібаева т.б. әртістері және тұңғыш режиссері ҚазАКСР-інің еңбек сіңірген әртісі Ж. Әбілбаев болды.