БІЗ ТУРАЛЫ

ЕСЕТ БАТЫР КЕСЕНЕСІ

Есет батыр Көкіұлының кешені ХVІІІ-ХХ ғасырлар еншісіне жататын ескерткіш. Алға ауданы, Бестамақ ауылынан 3 шақырым шығыс бағытында орналасқан. Есет Көкіұлы (1667-1749) қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресте есімі елге танылған әйгілі батырларының бірі. Жауға үнемі тайсалмай тура шабатындықтан «Таймас батыр» деген ат алған. Ресеймен қарым қатынасты жақсартудағы сіңірген еңбегі үшін патша үкіметі оған 1743 жылы «тархан» атағын берді. Есет батыр сексен екі жасында өзінің атамекенінде, өз ажалынан қайтыс болады. Алға ауданының аумағындағы Бестамақ ауылы жанында құлпытасы бар тас қоршаулардан, шырақшы үйінен және 1992 жылы бұрынғы бұзылған орнына салынған Есет батыр Көкіұлы мемориалдық кешені орналасқан. Есет батырдың кесенесін халық қасиетті, әулие жер деп толассыз тәу етуде.