ЖӘҢГІР – ХАН КЕСЕНЕСІ
Бөкей ұлы Жәңгір хан (1801-1845 жж.) Кіші жүздің Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан Бөкей Ордасының соңғы ханы, Әбілхайырдың шөбересі, Нұралының немересі. Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып, балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Өзінің сарайында мектеп ашып, онда 60 адам Мұхаммед діні, орыс жазуы және тілі жөнінде дәріс алды. Жәңгір хан 1841 жылы Қазан университеті жанындағы ғылыми кеңеске құрметті мүше болып сайланған. Кесенесі 1997 жылы тұрғызылды. Кесене авторы – Көпбол Демесінов.