КӨШЕК БАТЫР МАЗАРЫ
Көшек Қарасайұлы (1620-1652) – жоңғарлар шапқыншылығына қарсы күрес кезіндегі қазақ қолбасшысы, батыр. Есім хан мен Салқам Жәңгірдің сенімді серіктерінің бірі. Аңыздарға қарағанда Көшек батыр хан атанған. Оған хан атағын Есім ханның өзі берген көрінеді. Көшек батыр Тектұрмас қамалын нығайта отырып, көршілес қырғыздармен қол қосып, жау әскерлеріне тойтарыс береді. 30-дан асқан шағында сұрапыл шайқастардың бірінде қаза табады.
Көшек батыр ауылы. Кеңес ауылдық округі құрамындағы ауыл. Аудан орталығының солтүстігінде, 145 километр қашықтықта, Талас өзенінің аңғарында орналасқан. Бұрынғы атауы – Қызылжар. Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссияның 24.12.1999 ж. ұйғарымымен ауылға Көшек батырдың есімі берілген. 2000 жылы осы ауылда Көшек батырға кесене тұрғызылды.